From Wikipedia, the free encyclopedia
Ақбауыр айқабақ[1] (лат. Acrocephalus stentoreus) – торғайтәрізділер отрядының сандуғаштар тұқымдасына жататын құс. Ол Орталық Азияның және Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі Сырдария, Келес, Арыс, Шу, т.б. өзендердің жағалауындағы қалың қамыс өскен жерлерде тіршілік етеді. Ақбауыр айқабақтың тіршілігі әлі толық зерттелмеген. Жылына қанша рет көбейетіні де анықталмаған. Оның арқа жоны сарғыш қоңыр, бауыры ақшыл, тұмсығы қара қоңыр болады. Дауысы ащы. Ақбауыр айқабақ – жыл құсы. Сәуірде ұшып келеді де, қыркүйекте Оңтүстік Азияға, Африкаға қыстауға ұшып кетеді. Ұясын қамыс сабақтарының басына тостақ пішінді етіп салады. Жылына 4 – 6 жұмыртқадан табады. Ұсақ жәндіктермен және олардың дернәсілдерімен қоректенеді.
Ақбауыр айқабақ | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Acrocephalus stentoreus (Hemprich & Ehrenberg, 1833) |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.